30.06.2016, 11:18
Қараулар: 107
«25 игі іске» үлес

«25 игі іске» үлес

Мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлерінің күніне орай 2016 жылдың 23 маусым күні ауданымызда мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан жарыс өткізілген болатын.

Осы шағын футболдан екінші орынды иеленген «Алға» командасының мүшелері – Қайырбек Аманғалиев, Арман Баяндықов, Берік Жанболсынов, Ерлан Галимов, Арман Тоқтаров сынды азаматтар бір ауыздан шешім қабылдап, жүлдеге берген 20 мың теңгені Қасиетті Рамазан айы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына «25 игі іс» акциясы аясында игі іске жұмсады. Айта кетер болсақ, ардагерлерге құрмет көрсету және аз қамтылған отбасыларға қамқорлық таныту мақсатында Ұлы Отан соғысының ардагері Кереев Латифолла атамызды еліміздің барша тыныс-тіршілігінен хабардар етіп отыратын республикалық «Егемен Қазақстан» қоғамдық-саяси газеті мен ауданымыздың айнасы «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетіне және де аз қамтылған он отбасын «Сырым елі» газетіне жаздыруды ұйымдастырды.

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген Абай атамыздың ұлағатты сөзін әрдайым есте сақтап, қоғамымызда әр адам өз тарапынан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, осындай игі іс атқаруға ұмтылыс жасаса екен дейміз.

Аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар