30.06.2016, 11:20
Қараулар: 224
Адамгершілік — асыл қасиет

Адамгершілік — асыл қасиет

Адам адамға жақсылық жасау, бұл адамгершіліктің, имандылықтың белгісі. Қазақ халқы ежелден біріне-бірі қолдан келген көмегін аямай мейірбандықтың жарқын үлгісін көрсетіп келе жатырған бірден-бір ұлт.

Биылғы ауа райының жаңбырлы болуы шаруашылыққа берекелі болғанымен, жол мәселесіне байланысты ауданнан шалғайдағы ауылдарға қиындау болып тұр. Пенде болғаннан кейін адам баласы ауырмай-сырқамай тұрмайды. Түнгі сағат үш жарымда жолдасым ауырғасын дәрігердің шешімімен аудан орталығына жеткізу керек болды. Осы кезде көмек қолынған ұсынған «Мүтір» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Жеңіс Болатұлы ауа райының қолайсыздығына қарамастан өзінің жол талғамайтын көлігімен көмектесіп, аудан орталығына жеткізген болатын. Сонымен қатар дәрігер Бибігүл Машанқызы өз жұмысын жауапкершілікпен атқара білді. Дер кезінде адамгершілік танытып, көмектескен Жеңіс Болатұлына және дәрігер Бибігүл Машанқызына зор алғысымды білдіре отырып, отбастарына амандық, жұмыстарына сәттіліктер мен табыстар тілеймін.

Мұратбек Ғариполлаұлы,

Қособа ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар