11.08.2016, 10:57
Қараулар: 148
Достық туы желбіреді

Достық туы желбіреді

7.11.08.16Өткен аптада «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының аясында Жосалы ауылдық округі мәдени сапармен Жымпиты ауылдық округіне келді. Дәстүрге айналған осындай шаралар ауылдардың әріптестік байланысын нығайтуда үлкен маңызға ие болып отыр.

 

Аудан орталығына келген жосалылық делегация алдымен Қадыр Мырза Әлінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Кейін С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлермен танысты. Қос тарап арнайы ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің үстінде бірлік, достық, татулық деген құндылықтар жайлы ой алмасты.

Кешкісін С. Датұлы атындағы мәдени-демалыс саябағында Жосалы ауылдық округі көркемөнерпаздарының «Ауылым – алтын бесігім!» атты концерті өтті. Концерт соңында округ әкімі Қобыланды Ғабдешов Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлеповке достық эстафетасын салтанатты түрде тапсырды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Суретті түсірген: Үміт ЖӘҢГІРОВА

Жылдық жұмыс 6 айда орындалды

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар