11.08.2016, 11:04
Қараулар: 107
Күн тәртібінде — ауылшаруашылығы

Күн тәртібінде — ауылшаруашылығы

6.11.08.16«Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залында қоғамдық келісім кеңесінің жоспарына сәйкес аудандық баспасөз мәслихаты болып өтті. Брифингке аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева төрағалық етті.

Алғашқы болып сөз кезегін алған ауылшаруашылық және жер қатынастар бөлімінің бас маманы Р.Усағалиев ауыл шаруашылығы бағытында атқарылған жұмыстар мен болашақтағы жоспарлары жөнінде баяндаса, кезекті сөз кезегін алған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсовтың айтуы бойынша ауданда эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу бағдарламасына көлеміне тоқталды.

Сондай-ақ «Сырым аудандық ветеринариялық станциясы» КМК-ның басшысы Ә.Мұхитов өз сөзінде ірі қара малдан 219 бас, ұсақ малдан 31 бас ауру мал анықталып, оң нәтиже берген малдар уақытылы ет өңдеу кәсіпорындарына санитарлық союға тапсырылғанын тілге тиек етті.

Жиында кезекті сөз кезегін алған Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Б.Бисенғалидың баяндауынша, мекеме тарапынан «Ветеринария туралы» Заңы мен кейбір заңнамалық актілер талаптарының орындалуына бақылау жүргізу мақсатында 4 рет нұсқамалар беріліп, заңнамалық актілердің талаптарының бұзылу фактілеріне байланысты 5 инспекторлық тексеріс жүргізіліп, барлығы 3 заңды 1 жеке тұлғаға айыппұл салынса, 1 тұлғаға ескерту ретінде әкімшілік жаза қолданылған.

Аудандық баспасөз мәслихатына қатысушыларға түрлі сұрақтар қойылып, сын-пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Брифинг алдағы уақытта қоғамдық келісім кеңесінің жоспарына сәйкес әр апта сайын ұйымдастырылатын болады.

Ү.ЖӘҢГІРОВА

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар