11.08.2016, 11:11
Қараулар: 129
Жауапкершілікті қажет етеді

Жауапкершілікті қажет етеді

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік мекеме басшылары, дербес бөлім басшылары, округ әкімі аппаратының және бөлімдердің бас мамандарының қатысуымен арыз-шағымдардың жүргізілуі туралы жиналыс болып өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсенов төрағалық етті.

Жиында сөз алған ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының аға прокуроры С.Рүстемов «Қылмыстық жол картасы», «ЖКО картасы», «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық картасы», «Айқын жобасы», «Бизнес тірегі», «Комитет әр үйге» сынды жобаларды таныстырып өтті. Қазіргі таңда халыққа етене жақын араласып, жалпы көпшіліктің қолдануына жол ашатын, жаңашылдықты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жаңадан қосылған «Комитет әр үйге» жобасының барлық мүмкіндіктерін баяндады.

 Үміт ЖӘҢГІРОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар