11.08.2016, 11:13
Қараулар: 89
Жәрмеңкеде бәрі бар

Жәрмеңкеде бәрі бар

5.11.08.16«Кешегі сенбіде «ДЭУ – 39» жол пайдалану мекемесінің ауласында Сырым ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге ауданға қарасты барлық ауылдық округтің шаруалары және облыс орталығы мен көршілер Қаратөбе ауданының жеке кәсіпкерлері қатысты. Осы жолғы жәрмеңке ауқымдырақ өтеді дегенге құлақтанған халықтың да қарасы басқа жәрмеңкелерге қарағанда кеше көбірек болды.

Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты «Правда» шаруа қожалығы биыл 400 га жерге арпа, 350 га жерге қара бидай дәнін шашыпты.

—        Көктем жаңбырлы болды. Жаз айларында біраз жер дымқылымен жатты. Содан да болар биыл өнім жақсы. Арпаның гектары 15 центнерден, қара бидайдың гектары 12 центнерден өнім берді. Мал азығын дайындау науқаны да ойдағыдай аяқталды. – дейді жәрмеңкеге өзінің төл өнімдерін алып келген жаңағы шаруашылықтың жетекшісі Қайрат Меңдіғалиев.

Жәрмеңкеде «Правда» шаруа қожалығының арпасы қабына 1 700 теңгеден, қара бидайдың қабы 1 500 теңгеден сатылды.

Халық әдеттегідей жәрмеңкеге ет, сүт және бақша өнімдерін іздеп келеді. Іздеген табылады. Бұл жерде жеміс – жидектер мен көкөністер жағы көлік – көлік болып сатылады. Ел бұл өнімдерді қап – қап қылып сатып алады. Бір қуантатыны, осы жылы жәрмеңкеде ауылдардағы тұрғындардың жеке бақшасындағы өнімдер көбейді.

Жәрмеңке ауданның басында күз айларының аяғына дейін жалғасады.

Бауыржан Ширмединұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар