11.08.2016, 11:15
Қараулар: 90
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ҚОСОБАДА

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ҚОСОБАДА

2.11.08.16«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының жанындағы мониторинг және партиялық бақылау тобының мүшелері Қособа ауылында іс-сапармен болып қайтты.  Қособа ауылына жұмыс сапарымен барған аудандық мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиева, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев, Қарасу сайлау округінің депутаты С.Тоқмамбетов, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Имангалиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева, Қособа сайлау округінің депутаты Ж.Шапешовтар Қособа орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жөндеу жұмыстарын бұған дейін айтқанымыздай «АқсайСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бақылау тобының мүшелері мердігерлерге жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды. Ауыл әкімі Ж.Сатаевтың мәліметі бойынша «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде барлығы 30 ауыл тұрғыны уақытша жұмыспен қамтылған. Еңбек майданында қазіргі таңда жалпы  60 адам жұмыстануда.

«Нұр Отан» партиясының «Айқын тариф» жобасы аясында бақылау тобының мүшелері шағын кәсіп иелерімен жүздесіп,  кәсіптерінің тыныс-тіршілігімен, «Мүтір» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қособа халқына тағы бір жақсы жаңалық, Beeline байланыс жүйесі орнатылып, жақын арада іске қосылады.

Үміт Ізтелеу

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар