11.08.2016, 11:17
Қараулар: 132
АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

1.11.08.16Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бейжай қарамайды және мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Осы орайда аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан жастарымен кездесті.  Жиынға 16-29 жастар аралығындағы аудан  және ауылдық округ белсенділері қатысты.

 

Кездесу барысында аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының» басшысы Досжан Тайшиев атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары жайында бөлісті. Қазіргі таңда аудандық жастар ресурстық орталығында 10 қызметкер жастардың қоғамдық-мәдени, саяси шараларға белсене араласуына қызмет етіп келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 ай көлемінде 114 жас мамандардан кеңес алуға келген. Орталықтың негізгі бағыты жастарды жұмысқа орналастыруға ықпалдасу және жұмыссыздар санын азайту болып келсе, жұмыспен қамту бағыты бойынша 2015 жылы 48, биыл 36 жасты жұмысқа  орналастыруға септіктерін тигізді.

Кездесудің бейресми және ашық пікір-талас жағдайында өткендігі жастарды қызығушылық пен әңгімеге тартты. Аудан әкіміне көптеген сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлерге толыққанды жауап берілді.

Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар