19.08.2016, 11:19
Қараулар: 53
Ұлт жоспары шеңберiнде

Ұлт жоспары шеңберiнде

10.28.07.16Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны iске асыру жөнiндегi 100 қадамның 41-тармағын орындау үшiн мүлiктi және ақшалай қаражатты жария ету рәсiмi оңайлатылды.

Мүлiктi жария ету бойынша өткiзiлетiн акция үшiн барынша қолайлы және жарамды жағдайлар жасау мақсатында 2015 жылғы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы қабылданды, онда жария етудi жүзеге асыру рәсiмдерiнде жаңа тәсiлдер айқындалды.

Жария ету субъектiсi жергiлiктi жерлердегi әкiмдiктер жанындағы комиссияларына Қазақстан аумағында орналасқан және бұрын тиiстi түрде ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етуге қатысты ғана жүгiнетiн болады.

Жылжымайтын мүлкін жария ету үшін тұлға жария ету комиссияға мынадай құжаттарды:

– мүлікті жария етуді өткізуге арналған өтініш;

– өтініш берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландырыатын құжаттың көшірмесін;

– ғимараттар мен құрылыстарды объективтінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысы.

Өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Комиссияның мүлікті жария ету туралы шешімі шығарылған күннен бастап мүлік жария етіледі деп есептеледі. Жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім міндетті мемлекттік тіркеуге жататындқтан тұлға құжаттарды мемлекеттік тіркеуге алты айдан кешіктірмей ұсынуға тиісті.Мемлекеттік тіркеуді аудандық Әділет басқармасы жүзеге асырады. Құжаттар шешім шыққаннан кейін алты айдан кешіктіріліп тапсырылса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ кодексінің 460-бабына сай жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы –жеке тұлғаларға он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салуға әкеп соғады.

Н.Қайыржанова,

Сырым аудандық Әділет басқармасының

Басшысы

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар