18.08.2016, 11:28
Қараулар: 286
Болашағы біртұтас ұлт

Болашағы біртұтас ұлт

10.18.08.16Қазақстан халқы Ассамблеясы – республикамызда ел бірлігінің негізі болып отырған институт. Былтыр елімізде ассамблея жылы аталып өтсе, биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойламақпыз. Ширек ғасыр ішінде республикамыз босағасы берік, шаңырағы биік, бірлігі бекем іргелі мемлекетке айналды. 

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Астанада «Тәуелсіздік.Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясы өтті. Сессияда «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісі қабылданды. Осы жиында Елбасы Ұлт жоспары шеңберіндегі бес институционалдық реформаны іске асырудың алғашқы нәтижелеріне баса назар аударды. Ұлт жоспарын іске асыру үшін 59 заң мен 400-ден астам нормативтік актілер қабылданды. Бүгінгі таңда ассамблея құрамында он мыңдаған белсенді қатысушысы бар 1,5 мыңдай этномәдени бірлестік, үш мыңға жуық түрлі қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Мұның бәрі ҚХА-ның бес деңгейден тұратын жаңа әлеуметтік лифт дәрежесі ретіндегі қызметін жандандыруға мүмкіндік береді.

   Ассамблеяның  ХХІV сессиясының тарихи маңызы зор. Себебі осы жиында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісі қабылданды. Осы құжатта жалпыұлттық құндылықтар, мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың Қазақстанның тағдырына, дамуына, болашағына деген өзара жауапкершілігі бекітілген. Тәуелсіздік, ынтымақ, біртұтас ұлт – бұлар қазақстандық арманның жүзеге асуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты ұғымдар. Біздің асыл арманымыз – кең байтақ, сүйікті және киелі Отанымызды көркейту және Ұлы дала елі кеңістігіндегі зәулім аспанмен астасқан шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүретін бақытты да бейбіт халқымыз. Оның жүзеге асуына бәріміз атсалысуымыз қажет.

 К.ҒАБДЕШОВ,

Жосалы ауылдық округінің әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар