18.08.2016, 11:33
Қараулар: 337
Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі

Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі

Ауданымыздын спорттық тарихы өте бай тереңде жатқаны бәрімізге мәлім, соның бірі күрес түрлерінен облыстық, республикалық және халықаралық ареналарда біздің аудан спортшыларының позициясы алдынғы қатарда.

Спортшыларымыздың түрлі деңгейдегі беделді жарыстарда қол жеткізген жетістіктері спортшыларды даярлаудағы қазіргі жүйеміз ықпалды да тиімді екенін аңғартады.

Жоғары жетістіктер, спорттағы рекордтар, халықаралық, ұлттық және басқа да ресми спорттық бәсекелердегі жеңістер бұқаралық спорттың дамуына моральдық тұрғыдан игі ықпалын тигізері сөзсіз.

Биылғы жылы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» 467 жасөспірім 37 спорттық үйірмеге қатыстырылып, соның ішінде спорттың түрлері бойынша аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі жарыстарда жетістіктеріне қарай, «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығының талаптары негізінде жас спортшыларымызға спорттық дәрежелер беріліп келеді.

Ауданымыздағы жас спортшылар тарапынан (жаттықтырушылары арқылы) тиісті талаптарға сай құжаттары Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің спорттық разрядтарды және біліктілік санаттарды беру туралы комиссия отырыстарында қаралып, атап айтсақ, тоғызқұмалақ спорт түрінен 5 жас спортшыға «2-разрядты спортшы», қазақша, еркін күрес спорт түрлерінен 32 жас спортшыға «2 жасөспірімдік разрядты спортшы», барлығы 37 жас спортшыларға спорттық разрядтар берілді.

С.НҰРПЕЙІСОВ,

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар