Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов пен жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиев жыл басынан бергі атқарылған жұмыстарын баяндады. Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Қаналиев жалғызбасты қарияларға көмекті жандандыруға қатысты сауалды ортаға салды. Ал, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Д.Тайшиев “Жастар тәжірибесін” 6 айдан 1 жылға ұзарту жөнінде сұрақ қойды. Үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан қойылған сұрақтар толықтай қанағаттандырылатын болды.
Ш.МОЛДАНИЯЗОВА