18.08.2016, 11:43
Қараулар: 223
Өнерде өрге жүзгендерді қабылдады

Өнерде өрге жүзгендерді қабылдады

09.18.08.16Сочи қаласында өткен  «Танцевальная волна» халықаралық хореорграфиялық өнер фестивалінде халықтық биімен І және ІІ дәрежелі дипломға ие болған Бахытханым Жұмағалиева және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай өткен ХХ «Аймақты әнмен тербетіп…» атты өнер мерекесінде эстрадалық жанр бойынша І орын алған Бекей Қанатов пен осы байқауда терме, дәстүрлі ән аталымында ІІ орынмен оралған Сәлімжан Әубәкіров аудан әкімі Абат  Шыныбековтың қабылдауында болды. Аудан басшысы Сырымдық сахнаның жас саңлақтарына жеңістері үшін алғысын, осы қарқынды үзбей еңбек етулеріне тілегін жеткізіп, қашан да өнерлерін қолдайтынын білдірді.

Жүлдемен оралған өнер иелері алған әсерлерімен, алдағы мақсаттарымен бөлісті.

Аудан басшысы өнерпаздарға естелік сыйлық табыс етті.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар