18.08.2016, 11:45
Қараулар: 266
Білім беру жүйесіндегі робот техниканың ролі

Білім беру жүйесіндегі робот техниканың ролі

08.18.08.16)Қоғамдық салалардың барлығын ақпараттандыру, оқу үдерісін қарқындандыру негізі жалпы білімді жаңғыртып, оның роліне жаңаша  көзқараспен қарауды талап етеді.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Робот техникасы» курсы 1-деңгей (5, 6 және 7 сыныптарға арналған) және 2-деңгей (8,9,10 сыныптарға арналған) бағдарламасы негізінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған элективті курсы бойынша бағдарлама әзірленіп, оқу жүйесіне енгізілді.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология  негіздерін зерттейді.

Сонымен қатар, әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2016 жылғы 6 маусымнан бастап 22 шілде аралығында  «Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын жүргізді. «Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдерді оқыту  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында өткізіледі. Аудан бойынша қазіргі таңда 7 информатика пәні мұғалімдері мен бір аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері біліктілік арттыру курстарынан өтіп келді. Робот техника курсы ауданымыздың 5 мектебінде ЖББ Қ.Мырзалиев атындығы орта мектеп, ЖББ Бұлан орта мектеп-балабақшасында, ЖББ В.И.Шубин атындағы орта мектебінде, ЖББ Қособа орта мектеп-балабақшасы, ЖББ Бұлдырты орта мектептерінде жүргізіледі деп жоспарлануда. Мектептерді робот техникасымен жабдықтау үшін 14 млн 625 теңге қаражат бөлініп отыр.

Бүгінгі басты мәселе – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы – білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптас­тыру – қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Робототехника элементтерін пайдалану оқушыларды ізденушілікке, өз бетімен ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға шығармашылық қабілеттерін дамытуға мол септігін тигізбек.

Г.Жагиева,

Сырым аудандық білім беру бөлімінің математика, физика, информатика  пәндері бойынша әдіскері