18.08.2016, 11:49
Қараулар: 294
“Бізге аудан әкімінің жұмыс стилі ұнайды”

“Бізге аудан әкімінің жұмыс стилі ұнайды”

11.18.08.16Өткен аптада Сырым аудандық мәслихатының кезекті VI сессиясы өтті. Осы сессияда Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жайы туралы аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңестің алдында есеп берді.

 

Аудан әкімі Абат Шыныбековтың аудандық 2016 жылдың І жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп беру баяндамасының тезистері осыған дейін «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған еді. Баяндамада ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы өнеркәсіп және инвестиция, ауыл шаруашылығы саласы, шағын және орта  бизнес, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік сала, бюджеттік салалар және аудандағы тұрғын үй, ауыз су, көгілдір отынмен қамту мәселелері мен құрылыс жұмыстары, қоғамдық тәртіп мәселесі жік-жік болып тұрып қамтылған. Қай-қай салада да алты айлықтың ішінде айтарлықтай ілгерілеу орын алған. Бұл туралы есепті баяндаманы тыңдаған аудандық мәслихат депутаттары да, қоғамдық кеңестің мүшелері де айтып отыр.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық мәслихаттың депутаты, қоғамдық кеңестің мүшесі Роза Ихсанова, Қособа ауылдық округінің әкімі Жұмабай Сатаев, Бұлдырты ауылының тұрғыны, жергілікті әйелдер кеңесінің төрайымы Ағиба Семғалиқызы сөз сөйледі. Биыл Шолақаңқаты ауылдық округінің бағытындағы газдандыру жұмыстарына нақты маңыз беріліп жатыр. Негізгі құрылыстар үшін қаржы мәселесі шешілді. Осы жылы аудан орталығындағы басты көшелермен өтетін ауылішілік жолдардың дені орташа жөндеуден өтті. Осы жылы Бұлдырты ауылдық округінің орталығын күре жолмен қосатын 12 шақырымдық кіреберіс жолдың жамылғысы жаңадан төселді. Күні кеше Қособа ауылдық округінің аумағы «Beeline» ұялы байланыс операторына қосылды. Сөз сөйлеуге жазылған азаматтар осындай тірі жұмыстарды үлкен ризашылықпен атады және аудан әкімі Абат Шыныбековтың жұмысына оң баға берді. «Бізге аудан әкімінің жұмыс стилі ұнайды», — деді аудандағы қоғамдық кеңестің мүшелері.

Сессияның күн тәртібінде 2020 жылға дейінгі Сырым ауданын дамыту жоспарын бекіту, кейбір комиссия тобының құрамына өзгерістер енгізу сияқты өзге де мәселелер қаралды. Қорытынды сөзді аудандық мәслихаттың хатшысы Шынар Дүйсенғалиева сөйледі.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар