22.09.2016, 17:19
Қараулар: 223
Нұрлыбек Астанаға барады

Нұрлыбек Астанаға барады

???????????????????????????????Нұрлыбек Елеуов Жымпиты ауылының тумасы. Ол 1991 жылы Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы орта мектепті тамамдаған соң екі жылдай ел тыныштығын сақтау жолындағы азаматтық борышын абыройлы атқарды.

Нұрлыбек Өтеуліұлы әуел бастан еңбекқорлық қасиетті бойына сіңіріп өскен жан.

Сондықтан болса керек Нұрлыбек 1995 жылы Өлеңті ауылына қарасты «Қапақ» елді мекенінде бір отар қой бағып, өзін жоғары басшылық тарапынан іскерлігімен көрсете білді.

2004 жылы Жымпиты ауылы орталығына қоныс аударған Н.Елеуовті 2006 жылы орталықтағы Сырым мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны басшылығы  жатырқамай, жылы ілтипатта қарсы алды. Әуелден Нұрлыбектің еңбекқорлығына, бірсөзділігіне, тынбай еңбек ететін қасиетіне қанық болған  мекеме басшылығы  бірден аудан орталығы және ауданға қарасты ауылдық округтердегі жер асты жүргізілген су құбырларын тексеріп, жөндеуші ретіндегі слесарьлық қызметке қабылдады.

—      Мен осы салада бүгінге дейін үзіліссіз еңбек етіп келемін.

Әрине, жұмыс болған соң қызу қарбалас сәттер, істен шыққан су құбырларын жөндеуден өткізуге шұғыл түрде аттану қажет болып жататын кездер болады.

Бәріне үйрендік қой. Өз кәсібім, мамандығым ұнайды.

2013 жылы сол кездегі аудан әкімі қызметін атқарған Е.Нысанғалиев еңбегімді бағалап Өлеңті ауылы орталығынан төрт бөлмелі пәтерді берді. Осының өзі мен үшін зор абырой, үлкен мәртебе, — дейді Нұрлыбек Елеуов шынайы ризалық сезімде.

Иә, ҚР Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №8 өкімімен бекітілген «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сәйкесті «Еңбек күнін» мерекелеуге орай жақында Астана қаласында арнайы республикалық форум өткізілмекші.

Міне, осы айтулы мерекелік шараға қатысуға облысымыздан 15 еңбек озаттары аттанғалы отырса солардың ортасында жерлесіміз «Сырым» МКК-ның үздігі, жоғары басшылық тарапынан бірнеше Алғыс хат, грамоталар иегері Нұрлыбек Елеуовтың да бар екендігін мақтан етеміз.

М.Әлібекұлы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар