22.09.2016, 17:30
Қараулар: 219
Ауылда өткен тіл мерекесі

Ауылда өткен тіл мерекесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 22-қыркүйек  күні Қазақстан Республикасының Тілдер күні  мерекесін атап өту мақсатында Тасқұдық ауылдық Мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлері мен кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен «Өз тілім-бірлігі үшін, өзге тіл тірлігі үшін» атты мекеме қызметкерлерінің арасында команда аралық сайыс оздырылды.

Команда аралық сайыста әкімшілік қызметкерлері мен медициналық пункт қызметкерлерінің бірігуімен «Қыран» тобы қатысып, «Жеті жұрттың тілін біл» байқауында ерекше көзге түсті. Бастауыш сынып мұғалімдерінен құрылған «Ана тілі» тобы тіл туралы көріністермен және жоғары сынып мұғалімдерінен құралған «Болашақ» тобы «Білгенге маржан» топ басшылары арасында сұрақ-жауап сайысында ерекшеленді.

А.Әжғалиева,

Тасқұдық ауылдық мәдениет

үйінің меңгерушісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар