22.09.2016, 17:36
Қараулар: 239
Мал дәрігерлік шаралар сынға алынды

Мал дәрігерлік шаралар сынға алынды

???????????????????????????????Аудан бойынша жоспарлы мал дәрігерлік іс-шаралардың 2016 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы жиналысқа аудан басшысы Абат Шыныбеков төрағалық етіп, аудандық аумақтық инспекция, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, аудандық ветеринарлық зертхана ұжымдары, ауылдық округ әкімдері, малдәрігерлік пункт меңгерушілері  қатысты.

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Шайхислам Райсов жыл басынан бері атқарылған шаралар мен ветеринария саласындағы өзекті мәселелер жайында баяндама жасады. Аудандық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы Бауыржан Бисенғали ветеринариялық санитариялық талаптардың орындалуы туралы баяндады.

Аудан бойынша зпизоотиялық жағдайда ағымдағы жылдың 8 айында аса қауіпті аурулар тізіміне  Жымпиты ауылдық округіне қарасты «Құрмаш» шаруа қожалығында қарасан ауруының шығуы еніп отыр. Ауданда сарып ауруына серологиялық зерттеу жұмыстарына  ірі қараны зерттеу 98 пайыз, ұсақ мал 77 пайыз жүргізілді. Сарып ауруы анықталған аула саны 115, ауданы 21040 шаршы метр болса, бүгінгі күнге дейін 18 аула бұқырланған.  Бұқырлау жұмыстарының уақытылы жүргізілмеуінің себебі, мал иелері қора жайларын тазартып, әзірлемеуінен болып отыр.

Үстіміздегі жылы бірдейлендіру жүргізу мақсатында 25500 бас ірі қара, 59900 бас ұсақ мал, 2300 бас жылқы, 23 бас түйе жоспарланған. Құлақ жапсырмаларына  берілген сұраныс бойынша ірі қара 19500 дана, ұсақ мал 68000 дана, түйе 41 дана сырға алынды. Алынған 19500 дана ірі қара сырғасы  2015-2016 жылғы берілген сырға коридоры.

Аудан бойынша  жылқы таңбалау жұмыстары  жоспарға сәйкес, 2300 бас болса,  қазіргі кезде бұл жұмыстар ақсап тұр. Жоспардың жылдағыдан күрделеніп, ауа райының ыстық болғаны мал дәрігерлері мамандарына қиындық туғызды.  Таңбалау жұмыстары қыркүйек, қазан, қараша айларында қарқынды жүргізілетін болады.

Аудан аумағында  36 мал қорымдары мен кадастрге  тіркелген  34 сібір жарасы көмінділері бар. Талдыбұлақ, Шолаңқаты  ауылдық округтеріндегі  мал қорымдарын ветеринариялық талаптарға сай күтіп ұстау жұмыстары көңіл көншітпейді.  17 сібір жарасы көмінділері  талапқа сай типтік жобада жасақталуда.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Абат Абайұлы эпизоотиялық іс-шараларды  жоспарға сай орындау,  сарып ауруын азайту мақсатында  ауру анықталған малдарды 15 күн ішінде жою,  мал қораларын сапалы бұқырлау, құлақ жапсырмаларының қамтылуына қарай бірдейлендіру жұмыстарын уақытылы атқару, мал қорымдары мен сібір жарасы көмінділерін талапқа сай реттеу сынды жұмыстарды сынға алып, олқылықтарды тездетіп жоюға тапсырма берді.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар