22.09.2016, 17:40
Қараулар: 362
Бір үйдің баласы емес, ауылының баласы…

Бір үйдің баласы емес, ауылының баласы…

???????????????????????????????Аудандағы атқарылып жатырған «Тәуелсіздіктің  жиырма бес жылдығына 25 игі шара» деген атпен біраз   жұмыстар атқарылып жатырғанын  жақсы білеміз. Ал, соның ішінде шәкіртінің жетістігіне қуанған ұстазды, баласының еңбегі жанғанына марқайған ата – ананы көру бір бақыт.  Ұстазынан озып, көптеген қатарластарының алдына шыққан Бұлдырты орта мектебінің 11 сынып оқушысы Анатолий  Райымбек     Қайратұлы бір үйдің емес, бүкіл ауылдың баласына айналды.

Осыдан екі жыл бұрын ұстазы Құралай Қансұлтанованың жетекшілігімен бастаған кішкене ғылыми жобасы үлкен мақсатты зерттеуге одан, кәдімгі кітапқа айналар деп сол кезде олардың ойламағаны айдан анық.  Бұлдырты ауылдық кітапханасының ұжымы мен ауылдық әкімшіліктің ұйымдастыруымен  Райымбектің «Заман-ай» кітабының тұсаукесері өтті. Ол шараға облыстық  «Ерекше Тәуекелді Солдаттар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Есім Бектілеуов, ауыл әкімі Ерлан Макашев, Сырым аудандық «Сырым сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Сарғозиев, Бұлдырты орта мектебінің директоры Алмагүл Бисалиева және пән мұғалімдері, мектеп оқушылары, Райымбектің тума-туыстары, ауыл ардагерлері  қатысты. Кештің әсерлі өтуі ұстаздарының Райымбектің тағы бір біз білмейтін қырлары туралы және Семей мен Чернобыль аймақтарында әскерде болып, бүгінде мүмкіндігі шектеліп отырған жандардың жан айқайы аралас естеліктері жасөспірімдерге үлкен ой салды деп ойлаймын.  Жалпы ұзақ уақыт айтылмай келген полигон зардаптары туралы ізденістің өзі бала  қиялының ұшқырлығын білдіреді. Ауылдың ардагерлері  Қадыр Кушаев, Хұсайын Исағалиев, Жүсіп Кусекенов, Чапай Рамазанов, Самат Сүттібаев ағаларынан бастап, көршілес Ақжайық, Шыңғырлау, Тасқала, Қазталов, Сырым  және Орал қаласының азаматтарын да қоса зерттеп, сәулелену зардаптарының таралу ареалын анықтап, нақты дәлелдемелер мен дәйектер келтірілген құнды жинақ  болып табылады. Биылғы жылы Семей полигонының жабылғанына 25 жыл, Чернобыль АЭС –іне 30 жыл толса, тәу етер Тәуелсіздігімізге де 25 жыл толып отыр. Олай болса, бала болса да үлкен ғалымдардың өзі бара бермейтін ауқымды тақырып алып, оны осылайша  орындаған Райымбек Қайратұлы болашақта дәрігер мамандығын таңдап отыр екен. Ендеше бұл тақырыпқа ол міндетті түрде қайтып айналып келеді және толыққанды жетілген маман болғанда үлкен ғалымға бет бұрарына сенімдіміз. Тек тіл көзден аман жүріп, ғұмырлы болғай деген тілекпен тарқастық. Қасиетті Сырым елінің топырағы тағы бір жас ғалымды әлдилеп, өмірдің айдынына жүзуі үшін қолтыған демеді деп түсіндік, әрі сол үшін  қуандық.

               Айнагүл Қаражан.

Бұлдырты ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар