22.09.2016, 17:43
Қараулар: 267
«Тұлпардағы» шырайлы шара

«Тұлпардағы» шырайлы шара

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында еліміздің басты құндылығы – бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында Елбасының тапсырмасымен Қазақстан Халқының Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты республикалық мега жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаны іске асыруда  мектепке дейінгі ұйымдар да тыс қалмады.

Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, татулықты, ынтымақтастықты арттыру, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді патриоттыққа, елжандылыққа,  туған жерінің табиғатын аялай  білуге тәрбиелеу жолында тәжірибе алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Балдырған» МКҚК балабақшасының меңгерушісі Ғалия Балпысова және Сырым аудандық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие ісі жөніндегі әдіскері М.Жайлиева бастаған педагогикалық ұжым Орал қаласындағы № 26 «Тұлпар»  мектепке дейінгі ұйымында болды. Ұжымды  балабақша директоры Қанзила  Ескайырқызы  ұжымымен жылы шыраймен, үлкен құрметпен қарсы алды. Одан әрі шараны «Балдырған» балабақшасының әдіскері Г.Ганиева екі ұжым педагогтарын өзара таныстыру тренингін ұйымдастырумен бастады. Балабақша меңгерушісі Ғ.Балпысова осы балабақшаға келгендегі іссапардың мақсат-міндеттері жайлы ашып айтты. Шараға қасиетті Сырым елінен келген педагог тәрбиешілер атақты Қадыр Мырза Әлі шығармашылығынан ән шашуын да ала келді. Балабақша әдіскері Г.Ганиева шараны коуч әдісі бойынша ұйымдастырды. Төрт топқа бөлінген педагог тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балаларды жобалап оқытудың түрлі әдісімен таныстырды. Атап айтсақ, «Балдырған» балабақшасының тәрбиеші педагогтары   Н.Шайхиева, Р.Жанкылишева, А.Ерғалиева, М.Хабиева  шығармашылық еңбек жолында   қолданып жүрген жаңа технологияларды насихаттап,  өз тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде «Тұлпар» балабақшасының әдіскері Т.П.Максимо мен үлгілі тәрбиеші педагогтары С.В.Денисова, Н.Шайхиева, М.Ю.Вастеренко сынды әріптестер тарапынан қолдау көрсетіліп, өз іс-тәжірибелерінде қолдануға деген қызығушылықтарын байқатты. Шара соңында «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Ғ.Балпысова «Тұлпар» балабақша ұжымына өз ұжымы атынан алғыс хат табыс етіп, естелікке сыйлық ұсынды.Одан әрі кездесу «Тұлпар» балабақшасының директоры Қанзила Есқайырқызының бастауымен  балабақша ішіне экскурсия жасап, озық жұмыстары, жетістіктерімен танысты.

Мүсірбек Айташев

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар