22.09.2016, 17:45
Қараулар: 184
Саз мектебіндегі алғашқы қоңырау

Саз мектебіндегі алғашқы қоңырау

???????????????????????????????Елімізде қосымша білім беру орталықтарында жаңа оқу жылының 15 қыркүйекте  басталуына орай Сырым аудандық «Балалар саз мектебі» МКҚК-да алғашқы қоңырау салтанаты өтті.

Салтанатты рәсім мемлекеттік әнұранмен басталып, оған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Дидар Ищанова, саз мектебінің директорының міндетін уақытша атқарушы Серік Сарғозиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Биылғы жаңа оқу жылын балалар саз мектебі 169 баламен бастады. Жосалы, Бұлдырты, Аралтөбе, Өлеңті ауылдарынан балалар саз мектебінің филиалдарын ашу көзделуде.  Жас мамандар  Т.Жолымбетов пен А.Абдрахманова жұмысқа кірісіп отыр.

Домбыра сыныбының жетекшісі А.Сапаралиеваның шәкірттері Сейтектің күйі «Тойбастарды», Ж.Үмбетиярованың шәкірттері Н.Тілендиевтің «Әке толғауын» домбырада төгілтті. Жас мамандар Т.Жолымбетов Махамбеттің «Жұмыр қылышын», А.Абдрахманова Сегіз серінің «Гауһартасын»  орындады.

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ