29.09.2016, 11:35
Қараулар: 125
Өрт қауіпсіздігі айлығы

Өрт қауіпсіздігі айлығы

12-29-09-16БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бұйрығымен облысымызда жылытатын кезеңде, яғни 2016 жылдың 15-қыркүйек және 15-қазан айы   аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында тұрғын үй секторында  өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды.

2016 жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысы аумағында 391 өрт оқиғасы орын алды, соның ішінде 265 өрт тұрғын үй секторында тіркеліп, жалпы өрт санының 67,7% құрады.

Тұрғын үй секторындағы өрт салдарынан 5 адам мерт болып, 16 адам жарақаттанды. Өрттен келген материалдық шығын 8 млн. 291 мың теңгені құрады.

Ал ауданымызда 2016 жылдың 8 ай ішінде 9 өрт оқиғасы тіркеліп, материалдық шығын көлемі 1 млн. 242 мың теңгені құрады.

Ауданымыздың тұрғын үйлерін өрт қауіпсіздігі айлығы бойынша аралау кезінде негізінен тұрғындардың электр бұйымдарын, жарамсыз пештерді пайдалану және үй ішіндегі электр жүйелерінің ақауларының кемшіліктері көптеп орын алуда.

Тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында төмендегі қажетті өрт қауіпсіздігі шараларын орындау қажет:

Аула ішінде қысқы мал азығын дайындау кезінде тұрғын үй және шаруашылық құрылыстардан кемінде 10 және 15 метр қашықтықта орналасуы керек.

Газ жылу құбырын қосар кезде алаудың үстіне жақындатып, содан соң құбырды ашуларыңыз тиіс.

Үйден газдың иісі шыққан кезде темекі тартуға, ашық алау жағуға және электр желісін қосуға жол бермеңіз.

Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес пеш салуды тек маманға ғана сеніп тапсырыңыз.

Ересектер жоқ кезде кішкентай балаларға өздігінен пеш жағуға немесе жанып жатқан пешті қарауға рұқсат бермеңіз.

Үй жиhазы, терезе жабыны және басқа да жанғыш заттар пештен 0,5 м қашықтықта болуы қажет.

Пештің алдына, көлемі 50х70 см мөлшердегі қаңылтыр қағу керек.

Пеш мұржасы күйеден тазартылуы керек.

А.Тілекқабылов,

Сырым ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар