29.09.2016, 11:43
Қараулар: 112
Ел болашағы – жастар қолында

Ел болашағы – жастар қолында

Елбасы биылғы Жолдауында жастарға аса көңіл бөлетіндігін тағы да көрсетті. Жастарды кәсіби-техникалық мамандықтарға оқыту, еңбекке баулу арқылы өтпелі экономикалық күйзелістерден жол таба білетіндігімізді жеткізді. Уақыт күттірмей заман ағымына сай жаңа мамандықтарды игеру жастарымыздың басты міндеті екендігі баса айтылды.

Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын.

Еліміздің ертеңі – мемлекетіміздің болашағы. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы, Мен жастарға сенемін!» дегендей, бүгінгі қоғам, қазіргі нарық бәсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі – бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар Елбасымыздың бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.

 Досжан Тайшиев,

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар