29.09.2016, 11:45
Қараулар: 99
Депутаттар қызмет көрсету орталықтарын аралады

Депутаттар қызмет көрсету орталықтарын аралады

???????????????????????????????“Нұр Отан” партиясының аудандық мәслихат депутаттары партиялық бақылау аясында халыққа қызмет көрсететін мекемелердің жұмысымен танысты. Аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева бастаған халық қалаулылары алдымен ауруханада болды. Аудандық орталық аурухананың тіркеу бөлімі, емхана, терапия, хирургия, жедел жәрдем, бейімдеу, күндізгі бөлімдерін аралап, ем-дом алып жатқан халықтың жағдайын сұрады. Аурухананың материалдық-техникалық базасымен де танысты.

Сондай-ақ, депутаттар “Талап” дәріханасында болды. Дәрі-дәрмек алуға кезекте тұрған тұрғындардың дәріханаға қатысты пікірін білді.

Халыққа қызмет көрсету орталығына да арнайы барған мәслихат депутаттары орталықтың жұмысы қаншалықты көңілден шығатынын қызмет алушы халықтан сұрап, орталықтың жұмыс барысымен танысты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар