29.09.2016, 11:48
Қараулар: 93
Еңбек күніне арналды

Еңбек күніне арналды

09-29-09-16Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және биыл үшінші жыл тойланып отырған Еңбек күні мерекесіне орай шырайлы шара өтіп, аудан әкімі Абат Шыныбеков еңбекқор әулеттерді марапаттады.

 Білім саласында Қаналиевтер, медицина саласында Жонысовтар, кәсіпкерлік саласында Жаужиевтер, спорт саласында Жұмағалиевтер, құқық қорғау саласы бойынша Хайруллиндер, мәдениет саласы бойынша Ғұбайдуллиндер, коммуналдық шаруашылық саласынан Шаяхметовтерге аудан басшысы алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Өз тілшімізден

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар