13.10.2016, 16:06
Қараулар: 25
Түсінік жұмыстары жүргізілді

Түсінік жұмыстары жүргізілді

05-13-10-16Деректерге сүйенсек, жыл басталғалы БҚО бойынша тіркелген өрт оқиғаларының 70 пайыздайы жеке тұрғын үй секторларында орын алған. Ағымдағы жылдың 8 айында Батыс Қазақстан облысы аумағында 391 өрт оқиғасы орын алса, соның ішінде 265 өрт тұрғын үй секторында тіркелген. Ал, Сырым ауданы бойынша жыл басынан бері 13 өрт оқиғасы тіркелсе, соның ішінде тұрғын үй секторы бойынша 6 өрт оқиғасы тіркелген. Өрттен келген шығын мөлшері 222 000 теңгені құрайды.

Соған сай Төтенше жағдайлар департаменті 2016 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазан айы аралығында облыс бойынша өрт қауіпсіздігі айлығын жариялады.

 Сырым ауданы бойынша төтеншеліктер айлық басталғалы  Сырым ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бойынша жауапты қызметкері Ж.Дүйсенғалиев, Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Тілекқабылов, Сырым аудандық ІІБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.Хайруллин 102 үйді аралап, 246 адаммен өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

 Үміт Жәңгірова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар