13.10.2016, 16:11
Қараулар: 35
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

???????????????????????????????Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Тіл айлығына орай Жымпиты ауылдық округі әкімдігі мен “Сырым жауһарлары” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “1001 мақал, 101 жұмбақ” сайысы өтті. Сайысқа “Сырым жауһарлары” ҚБ төрайымы Мәншүк Бахитова, Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары Қайырбек Аманғалиев, Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің жоғары санатты мұғалімі Жұлдыз Сейітова қазылық етті.

Аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем бөлімінің фельдшері Данияр Қарғабай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде жастар тәжірибесінен өтуші Назерке Төлеген, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінде жастар тәжірибесінен өтуші Әсем Шоқатова, аудандық білім беру бөлімінің дене шынықтыру және АӘД пәндері бойынша әдіскері Қуаныш Райымов қатысып, қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтарына жүйрік екендіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар арасында оқ бойы озық көрінген Қ.Райымов бас жүлдені жеңіп алды.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар