13.10.2016, 16:13
Қараулар: 27
Әжейдің ақ алғысы

Әжейдің ақ алғысы

06-13-10-16Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 25 игілікті іс аясында ауылымыздың 80 жастағы зейнеткер қария Зәуреш Доскалиева әжейді балабақша ұжымы «Қариялар күнімен» арнайы құттықтады. Әжейге бұл сапарымызда шағын сыйлықтар, азық-түлік пен тәттілер ала бардық. Әжей өзі сөйлей алмағанмен, бізді көргенде бірде мәз болып күлсе, бірде шынайы сезімін жасыра алмай көзіне жас алды. Әжейге елдегі әсерлі әңгімені айтып, тәттілер ұсынып, көңілін көтеруге тырыстық. «Сыйласаңдар кәріңді, жарылқармын бәріңді» демекші төсекте жатқан науқас әжей біздердің бұл сапарымызға риза болып, аналық алғысын білдірді.

Д.Хасанғалиева,

Талдыбұлақ ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар