13.10.2016, 16:17
Қараулар: 20
Жүлдемен оралды

Жүлдемен оралды

Ағымдағы жылдың 5-7 қазан күндері  аралығында облыстық туризм орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Батыс Азимут 2016» спорттық бағдарлау жарысы оздырылды. Жас ерекшелігі бойынша барлығы 193 спортшы қатысқан бәсекеге  Сырым ауданының командасы да қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша спорттық бағдарлау жарысының «Түнгі бағдарлау» сайысынан 1 орынды Жасқанат Есламгалиев иеленсе, 35 жастан жоғарылар ішінде «Түнгі бағдарлау» сайысынан 2 орынды Бейбіт Батыршин иеленді. Сондай-ақ осы жарыстың «Спринт» қашықтығы бойынша 3 орын  Бейбіт Батыршинге бұйырды.

Нәтижесінде әріптестеріміз ауданымызға 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен оралды.

Е.БердІҒалиев,

аудандық «Жас туристер станциясы»

                 МКҚК педагог-ұйымдастырушысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар