13.10.2016, 16:28
Қараулар: 26
Өмірге құштар жандар

Өмірге құштар жандар

01-13-10-16Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл, «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты байқау ұйымдастырылды. Төртінші рет ұйымдастырылған аудандық байқау барысында 18 өнерпаз 3 аталымда мүмкіндіктерін сынға салды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың дарынын танытып, шығармашылығын дамытуға, өмірге құштарлықтарын арттыруға бағытталған аудандық додада қатысушылар  «Үздік орындаушы», «Үздік жасампаз» /көрме/, «Көркем сөз» аталымдары бойынша бақтарын сынады. Байқауға қатысушылардың қолөнер туындыларынан мәдениет үйінің фойесінде көрме ұйымдастырылды.  Қорытынды марапаттау гала концертте аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтау сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарын марапаттады. 

Байқау қорытындысы бойынша  «Үздік жасампаз» аталымы бойынша 3 орын Нұршайова Айгерім (Шолақаңқаты), 3 орын Альмешова Шынар (Алғабас), 2 орын Гайнуллин Сәлімжан (Жосалы),1 орын Төремұратова Айымгүл (Бұлдырты),  «Көркем сөз» аталымы бойынша 3 орын Талғатов Нұрсұлтан (Бұлдырты),  2 орын Тілегенова Назгүл (Бұлдырты), 1 орын Ысқақ Бану (Алғабас), «Үздік орындаушы» аталымы бойынша 3 орын Кажимов Айбат (Бұлдырты), 2 орын Тілегенова Назгүл (Бұлдырты), 1 орын Гайнуллин Сәлімжан (Жосалы) иеленді.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты марапаттаудан соң байқау жеңімпаздары мен аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері шараны көркемдеді.

Үміт Жәңгірова

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар