13.10.2016, 16:35
Қараулар: 26
Жол саласында жетістікке жеткен

Жол саласында жетістікке жеткен

???????????????????????????????Батыс Қазақстан облыстық «Қазақавтожол»  мекемесінің  «ДЭУ — 39» жол пайдалану  бөлімінің «Камаз» көлігінің  жүргізушісі Аманғалиев Амандық  Құдайбергенұлы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешовтің алғыс хатымен марапатталды. Министрліктен жеткен алғыс хатты  «ДЭУ 39» жол пайдалану бөлімінің бастығы Берік Бисалиев ұжым алдында табыс етті.

«Сізге еліміздің өркендеуі мен дамуына қосқан сүбелі үлесіңіз бен мінсіз қызметіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сізге зор денсаулық, қажыр мен қайрат, ұзақ та бақытты өмір, құт-береке, сәттілік пен абырой тілеймін» деп жазылған  Алғыс хатта.

Қыс пен жазды елемей, уақытпен санаспай, Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жолын күтіп ұстауда аянбай тер төгіп жүрген Амандық Құдайбергенұлының еңбек өтілі 34 жыл болса, жол саласында еңбек етіп келе жатқанына 12 жылдың жүзі болыпты.

Берік Абрекұлының айтуынша, министрдің алғыс хатын табыс ету үшін жолда жүрген Амандық Құдайбергенұлын кеңсеге келтірудің  өзі оңайға түспепті.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар