31.10.2016, 10:34
Қараулар: 270
96 жылдық тарихы бар

96 жылдық тарихы бар

06-31-10-16Ресми статистика барлық елдердің қоғам және үкіметі үшін өсуші рөл атқарады. Қазіргі кезде жоғары сапалы статистикалық деректер ұлттық, өңірлік және әлемдік деңгейде қолжетімді. Олар ашық пікірсайыстарда, саяси шешімдерді және бизнес-шешімдерді қабылдағанда қолданылады. Ресми статистиканы жинау және таратумен айналысатын ұлттық статистикалық қызметтер, аса маңызды ұлттық институттарға айналды. Жыл сайын 80-ге жуық мемлекет өз елдерінде статистика күнін мерекелейді.

Еліміздегі билік органдары мен қоғамды жан-жақты әрі шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы болып есептелетін статистика органдары 1920 жылдың 8-қарашасында құрылды. Еліміз тәуелсіздік алған соң Елбасының Жарлығымен осы күн статистика күні болып белгіленді. Сөйтіп, статистика саласы да 96 жылдық тарихы бар орган болып табылады.

Заманауи статистика бүгінде маңызды қоғамдық рөл атқарады. Ол басқару органдарын, ғылыми қызметкерлерді сондай-ақ жекелеген азаматтарды сұраныстарына орай шынайы әрі дәл мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Қазірде облыстық статистикалық департаменттің құрамында 12 аудандық басқарма бар. Оларда 100-ге жуық мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді.

Ал, Сырым ауданында алғашқы статистика бөлімі 1921 жылы құрылған. Ал, бөлім қызметкерлері жыл бойына мемлекеттік статистикалық есептеме жинаумен, бір мезгілдік жұмыс зерттеу жүргізумен, сондай-ақ ауданның әлеуметтік жағдайы туралы баянда­ма, шұғыл ақпарат баяндамалар, статистикалық бюллетеньдер және басқа да статистикалық ақпараттар шығарумен шұғылданады.

Сондай-ақ тұрғындар шаруа­шылығы және шаруа қожалығына арналған шаруашылық есеп кітабының негізін салу мақсатында кең көлемді жұмыстар, өсімдік және мал шаруашылығында өнім өндіру көлемін есептеу, сондай-ақ ауылды дамыту ісінде тиімді әлеуметтік және экономикалық саясатты жүргізу және талдау барысы туралы    мәліметтер дайындау, ауылдық округтерінің мамандары мен  шаруашылық кітабын жүргізу туралы семинарлар өткізу,  т.б. мәліметтер жинаумен де жұмыстар қоса атқарылуда.

2014 жылдан бастап аталмыш мекеме  Сырым ауданының статистика басқармасы болып аталады.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің Сырым аудандық статистика басқармасы статистика саласында мемлекеттік саясатты, ғылыми әдістеме мен халықаралық стандарттардың негізінде бірыңғай статистикалық ақпарат жүйесінің жұмыс істеуін және оны жетілдіруді, статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, анықтығын және жеткіліктілігін қамтамасыз етуді, ауданда болып жатқан экономикалық процестер мен олардың үрдістерін жан-жақты және объективті түрде зерделеу, қорыту және талдауды жүзеге асыруда.

Статистика басқармасында барлық процестерді толықтай автоматтандыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды енгізу жөнінде жоба іске асырылуда. Ал қазір “е-Статистика” ИАЖ компоненттерінің арқасында басқарманың жұмысы толығымен электронды сүйемелдеумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ респонденттер үшін статистикалық деректерді электронды түрде тапсыруға мүмкіндік бар.

96 жылдық тарихы бар статистика саласында қызмет етуші барлық тұлғалардың ауданның экономикалық, әлеуметтік өсу, өркендеу саласындағы қосқан сүбелі үлестері қомақты екендіктерін бүгінде мақтанышты түрде айта аламыз.

Сырым аудандық статистика басқармасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар