30.11.2016, 17:11
Қараулар: 153
Халық таңдаған Президент

Халық таңдаған Президент

12-30-11-16Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұтас келді. Қиындықтардың бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от-жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды.

 Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарлады.

Тәуелсіз Қазақстанның 1991 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президенті болып сайланды.

Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың  ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру Нұрсұлтан Әбішұлының басты қасиеті. Елбасының бастамасымен Тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды.

 40 жылдам астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.

БҰҰ-на және басқа да ірі халық- аралық ұйымдарға мүше болып қабылданды.

Президент Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.

1997 жылы Егемендіктің маңызды шарты болып табылатын мемлекеттік шекара мәселелері бойынша Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекаралардың мызғымастыгы туралы келісімге қол жеткізілді.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ел дамуының стратегиялық жоспары жасақталып, Елбасының халыққа Жолдауында Қазақстан 2030 жылы дамыған, саяси тұрақты мемлекет үлгісі ретінде бірінші орта азиялық «Барыс» мемлекеті болуы қажет деген мақсат қойды.

ҚР-ның астанасы Астана қаласына көшірілді және Астана ресми түрде Қазақстан Астанасы мәртебесіне ие болды.

2004 жылы Елбасының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін!» Жолдауы Қазақстан Республикасының қарқынды даму жолын айқындады.

2010 жыл Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен басталды. Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ қызметіне қатысты негізгі ұстанымдарды баяндап, Ұйым төрағалығындағы Қазақстанның ұраны мен басымдықтарын жария етті.

2012 жылы аталмыш жыл елімізге тағы бір жеңіс әкелді. Бұл – Қазақстан Астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы. Көрмені өткізу құқығы үшін Қазақстан бельгиялық Льеж қаласымен бәсекеге түсіп, сенімді түрде жеңіп шықты.

Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену.

2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді.

Елбасының ел басқарған уақыттан,  қазіргі уақыттқа дейінгі атқарған игі істері  тәуелсіздікті мақтан ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан барша қазақстандықтардың символына айнала білді.

2012 жылдан Қазақстандықтар, 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнін атап өтетін болды.

1 — желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне байланысты Елтай ауылдық округі бойынша мерекелік шаралар жыл сайын ұйымдастырылып отырады.

Округ бойынша ҚР Тұңғыш Президент күні 30 қарашада «Ел үшін туған ер» атты мерекелік шара ұйымдастырылды және кітапханашы Дина Ахметкерейқызы «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

    С.Қыдыралин,

Елтай  ауылдық

округінің әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар