30.11.2016, 17:13
Қараулар: 170
Газдандыру жұмысы қарқынды

Газдандыру жұмысы қарқынды

05-30-11-16ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы сырымдықтардың есінде тек жақсылықтарымен қалатын сыңайлы. Мәселен,  биыл Жаңаөңір — Сасықкөл — Қарағанды — Құспанкөл — Тоғанас – Аңқаты бағытында газ құбырларын тарту жұмыстары басталды. Жобаның құны 243, 3 млн теңгені құрайды. Жаңағы бағыттағы газдандыру жұмысы оңымен аяқталса, онда Сырым ауданы 100 пайыз газдандырылған ауданның бірі болады. Пайызды былай қойғанда, біраз елді мекен жаңа игілікке кенеледі.

 Жаңаөңір — Сасықкөл — Қарағанды — Құспанкөл — Тоғанас – Аңқаты бағытында газ құбырларын тарту жұмыстарына жауапты мердігер «ӘлияСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірге міндетіне мін айтқызып жатқан жоқ. Күні бүгін Алғабас округіне қарасты Жаңаөңір және Сасықкөл елді – мекендеріне дейін тартылатын газ құбырлары желісінің 60 шақырымында қызу жұмыстар басталды. Межелі мөлшердің 28 шақырымының құнарлы қабаты сыпырылып, құбыр дәліздеріне құбыр жатып үлгерді. Негізгі материал ретінде полиэтиленнен дайындалған жеңіл әрі сапалы құбырлар пайдаланылуда.

Жұмыстың басында 2 эксковатор, 2 «SHANTUI» бульдозеры,  2  жүк көтергіш техника жүр. Серіктестік өз мамандарынан бөлек, жергілікті азаматтарды да жұмысқа тартып жатыр. Мердігер серіктестіктің осы учаскедегі өкілі Наурызбек Жаңалаевтың айтуына қарағанда, Жаңаөңір — Сасықкөл — Қарағанды — Құспанкөл — Тоғанас – Аңқаты бағытында газ құбырларын тарту жұмыстары жыл бойына жүргізіледі.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар