30.11.2016, 17:26
Қараулар: 167
Желтоқсан оқиғасына арналды

Желтоқсан оқиғасына арналды

04-30-11-16«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі!» Осындай тақырыппен Бұлан ауылдық округінің орталығында ҚР Тәуелсіздігі мен Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы құрметіне орай мәдени шара өтті.

 Бұлан ауылдық кітапханасы ұйымдастырған шараға округ әкімі Тарас Ихсанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ержан Махмет, 1986 жылы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасына қатысушы Гүлсәуле Қайырғалиқызы және ауыл тұрғындары қатысты. Мектеп оқушылары мен ауыл жастары еркіндікті, ерлікті, елдікті жырлайтын өлеңдерді оқыды.

Шара келушілері ҚР Тәуелсіздігі мен Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы құрметіне Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханасы ұйымдастырған «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты кітап көрмесімен танысты.

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Бұлан ауылы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар