30.11.2016, 17:28
Қараулар: 165
Мал ұрлығы азаймай тұр

Мал ұрлығы азаймай тұр

Ата бабамыздан келе жатырған дәстүр бойынша ауыл  тұрғындарының  күнкөріс  көзі  төрт  түлікпен біте қайнасып жатырғаны баршамызға белгілі. Бүгінде, ауылда тұрған халық осы малмен ұл қызының тойын жасап, баласын оқытып отырған жәйі бар. Солардың ішінде Бұлдырты ауылдық округі де бар.

 Қазіргі таңда округ бойынша 565 үй де 3000 халық тұрып жатыр. Солардың ішінде мал ұстамайтындар 139 үй болса, қалған 426 үйдің барлығында өз қажеттілігіне қарай малдары бар. Окург бойынша жеке тұрғындармен шаруа қожалықтарында барлығы 6480 бас ірі қара, 14416 бас қой-ешкі, 2168 бас жылқы, 6 бас түйе, 2036 бас құс тіркеуде.

Осы малдарды бағуға округ бойынша 6 бағытта жеке малдар шығарылса, 4 жерде бойдақ малдар бағылады. Алайда бақташыға қоспай өз күштерімен бағатындар да бар. Бірақ олардың малдары бақташы болмағандықтан үнемі қаралмай далада бағымсыз жүреді. Мал бағымсыз жүргесін қолды болып жатырған жәйіттерде жоқ емес. Ал әрбір малдың ұрлануы¬ мал иесінің қолында барын қаққанмен  бірдей.

Биылғы жылдың өзінде округте 12 бас ірі қара, 27 бас жылқы, 1 бас қой қолды болса, өткен жылы да 12 бас ірі қара, 26 бас жылқы ұрланды.

Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тергеу жұмыстарын жүргізу барысында жоғалған малдардың бағымсыз жүргені анықталып отыр.

Мал иелерінің малдарын өріске қараусыз бақташысыз жіберуі, оны алдынан күтіп алмауы, полиция бөліміне ұрлық туралы дер кезінде хабарламауының салдарынан ұрылар ізін суытып, табуға қиындықтар тудырып отырады. Мал иелері оның қай жерде, нақты қай уақытта ұрланғанын анық біле бермейді, жоғалды деген оймен өз бетінше іздестіріп, таппаған соң құқық қорғау органдарына кештетіп хабар жеткізеді. Ал бұл қылмыстың ізін суытпай ашуға кері әсерін тигізетіні анық.

Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөнінде жол картасы қабылданып онда шаралар бекітілді. Соған сәйкес БҚО мәслихатының 27.03.2015 жылғы   № 23-4 шешімімен бекітілген БҚО елді мекендерде жануарларды асырау қағидасының 6 тармағына сәйкес барлық ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдырмау, ауыл шаруашылығы жануарларын асыраудың міндетті талаптары болып табылатыны туралы ескертулер ауыл тұрғындарына таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы жылы 2100 бас ірі қара малы, 7300 бас ұсақ мал, 300 бас жылқы малы бірдейлендіріліп, ветеринариялық базаға енгізілді.

Ірі қара малдарға құлақ сырғалары тегін сырғаланғанымен, жылқы малын ұстап таңбалату, тұрғындардың өз қаражаты есебінен жүргізілуі тиіс.

 Алайда осы күнге дейін кейбір жылқы ұстайтын ауыл тұрғындары жылқыларын таңбалатуға салғырттық танытуда.

Бұл үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес жауапкершілік қаралған.

Қолда бар мүлкімізден айырылып қалмау үшін не істеуіміз керек?

— Мал жайылымдарын анықтап, рәсімдеп, малдарымызды бақташыға қосу;

— Мал бақташыларымен еңбек және материалдық жауапкершілік шартын жасақтау;

— Ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы бірдейлендіруді жүргізу;

— Әр ауыл тұрғыны нөлдік төзімділік қағидасына сәйкес қырағылық танытып, ауылда, далада жүрген бөтен автокөліктерді ауылдық учаскелік инспекторға хабарлау;

Осындай шараларды қолға алсақ мал  ұрлығының алдын алуға септігі тиер еді.

 Е.Мақашев,

Бұлдырты ауылдық округінің әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар