30.11.2016, 17:30
Қараулар: 123
Мерейлі жыл аясындағы мерекелік шара

Мерейлі жыл аясындағы мерекелік шара

02-30-11-16Аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл толуы құрметіне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты облыстық фестиваль өтті. Фестивальдің құрметті қонақтары алдыменен С. Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейінің жәдігерлеріменен танысты.

Сырым колледжінде инновациялық бағыттағы үйірмелердің жұмыс жасайтынын екінің бірі біле бермейді. Үйірме жетекшілері мен мүшелері өз жұмыстарын көрмеге шығарды. Сырым колледжінде жасалған ұялы телефонды қуаттау құрылғысы, тұрмыста қолдануға ыңғайлы дабыл жүйесі, баламалы энергия көзіне негізделген «Атақоныс» кешенінің үлгісі көрме келушілерінің үлкен қызығушылығын тудырды.

Фестивалдің салтанатты ашылуы шарасында колледж директоры Санат Берсебаев сөз сөйледі.

Биылғы жыл еліміз үшін — мерейлі жыл. Мерейлі жылға құрмет деп,  көп шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтуде. Бірақ, биыл тағы бір елеулі дата бар. Ол – Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы. Сырым колледжі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасындағы «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты облыстық фестивалдің мәдени мазмұнын осы оқиғаның маңызымен толықтырған екен. Колледж оқытушылары мен студенттері қойған «Желтоқсан желі» атты қойылымы өте сәтті шықты. Ауданда талай қойылымды тамашалап жүрміз. Шынайылықты, әртістік шеберлікті колледж көрсеткен сияқты.

Мерекелік шарада колледждің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Тельман Исатаев жетекшілік ететін «Жас қыран» әскери – патриоттық үйірмесінің мүшелері өнер көрсетті.

«Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты облыстық фестивальдің қорытынды сөзін облыстық білім беру басқармасының кәсіптік білім беру бойынша әдіскері ГауҺар Чапайқызы сөйледі.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар