30.11.2016, 17:33
Қараулар: 85
Елдегі береке, бірлік Елбасының арқасы

Елдегі береке, бірлік Елбасының арқасы

«Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен іске асты. 10 желтоқсан 2011 жылы  — Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні — Мемлекеттік мереке  болып белгіленді. Заңды қабылдау мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түсті.

1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық тарихында елімізді қиын-қыстау кезеңнен шығарып, биік асуларға жеткізген ұлы тұлғамыз ол әрине біздің тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көрген саясатының нәтижесі. Күшті де гүлденген Қазақстан – Елбасының жобасы және Президенттің ой-жоспарларын іске асыруда ең алдымен жас қазақстандықтарға шешуші рөл жүктеледі. Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа идеяларды ұсынуға және Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға тиіс. Сондықтан біздің Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға  ерекше көңіл бөлуде.

Елбасымыз береке-бірлігіміздің, татулығымыздың, тұрақтылығымыздың кепілі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек жолы жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағлымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын.

Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей!

 Н.Қайыржанова,

Сырым аудандық әділет басқармасының

басшысы