30.11.2016, 17:34
Қараулар: 113
Бөлімде жаңа басшы

Бөлімде жаңа басшы

01-30-12-16Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып Аян Жоламанов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымына аудан әкімі Абат Шыныбеков таныстырды.

Күні бүгін Сырым ауданының кәсіпкерлік саласы жаңа басымдықтарды айқындай бастады. Әсіресе, сервистік қызмет көрсету, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу сияқты шаруаларға сұраныс кәдімгідей артты. Аудан әкімі жаңа басшыға осы жұмыстарды алдыңғы кезекте жүзеге асыруды тапсырды.

Аян Жоламанов осыған дейін қаржы саласында бірқатар қызметте болды. Жаңа лауазымына дейін Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып қызмет жасады.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар