8.12.2016, 11:57
Қараулар: 70
«Ұрлыққа тосқауыл»

«Ұрлыққа тосқауыл»

Облыс прокуратурасымен қылмыстық құқық бұзушылықтың көбеюі және қылмыс жасаудың негізгі себептеріне талдау, зерделеу жұмыстары ұдайы жүргізілуде.

Статистикалық есепке сәйкес ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша 11862 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.Тіркелген қылмыстың жарты үлесін ұрлық құрайды, ал бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау дерегі 6746.

Көптеген қылмыстар бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты екенін ескере отырып, аталған қылмыстың алдын алу және ағарту жұмыстары қылмыстың туындау себебін талдау, осы әлеуметтік құбылыс пен тиімді күрес тәсілі және жолдары құқық қорғау огандары соның ішінде прокуратура органының басты назарында.

2016 жылдың тамыз айынан бастап,  мал ұрлығына қарсы, меншік құқығын қорғау және бөтеннің мүлкін ұрлаумен күрес жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда.

2016 жылдың 4 қазанынан бастап  Бас прокуратура бастамасымен «ұрлыққа тосқауыл» жобасы енгізілді.

Біздің мақсатымыз: азаматтардың өз мүліктерін қорғай білуі, ал мемлекеттің бұл жөнінде оларға көмек көрсетуі.

Күнделікті бақылау ұрлық жағдайы тұрақты емес және бөлек өзіндік әсерлермен сипатталатынын көрсетті.

Мереке күндері пәтер ұрлығы азайып, бірақ осы уақытта қоғамдық орындарда ұрлық көбейеді.

Ұрлық жасау уақытына талдау жасағанда ұрлықтың жеке факторларға байланысты екені анықталды.

Түнгі уақытта құрылыс нысандарында, тұрғын үйлердің кіре берісінде, ойын-сауық орындарынан түнде шыққан тұлғалардың мүліктерін ұрлау деректері кездеседі.

Күндізгі уақытта пәтер ұрлығы, автобуста, аялдамада, жұмыс орындарында, медициналық мекемелерде ұрлық жасау кең тараған.

Демалыс және мереке күндері сауда, ойын-сауық орталығында, дүкенде, қоғамдық тамақтандыру орындарында және т.б.с.с қалта ұрлығы көп өріс алған.

Ұрлық жөніндегі іс материалдары мен, статистикамен танысып зерделегенде, ұрлықтың негізгі себебі және шарты ол меншік иелерінің қырағылық танытпауы және құнтсыздығынан туындайтындығын көрсетті.

Қылмыстың бұл түріне әлеуметтік – экономикалық жағдай әсер етеді.

Тұрғындардың тұрмыстық жағдайының нашарлығы, жұмыссыздық, ішімдік, өндіріс дамуының әлсіздігі (жұмыс орны мен еңбек ақының аздығы ) –бұның бәрі азаматтардың мүлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді.

Мысалға 6746 ұрлық дерегінің 32% -ы  немесе 1991-і ұялы телефон, портмоне, сөмке, әмиян ұрлығы. 1700-ден  аса қалта ұрлығы автобуста, сауда орталығында, дүкенде, ойын-сауық мекемелерінде, емханада, ауруханада, жұмыс орнында, пәтер жалдаушылардың тұратын бөлмелерінде, қонақтықтан кейін таксилерде т.б.с.с жасалған.

Тұрғын үйлерге жақын автотұрақта, тұрған көліктерге кіру арқылы, балалар, мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім беретін мектептерге балаларды шығарып салу кезінде 503 ұрлық жасалған.

Саяжай учаскесі аумағында 310 ұрлық тіркелген. Ұрланған заттар негізінен түсті металдардан жасалған асхана бұйымдары,темір есік, тұрба, пеш, құрылыс материалдары.

Жоғарыда көрсетілген жобалардың аясында прокуратура органдарымен аталған қылмысқа қарсы бірқатар ұсыныстар жасалды.

Жасалған ұрлықтың нәтижесінде зардап шеккен тұлғаларға жеке қырағылық шаралары мүлікті заңсыз иеленуден сақтайтындығын ескертеміз.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар