8.12.2016, 11:58
Қараулар: 10
«Қараусыз қалдырмау»

«Қараусыз қалдырмау»

2016 жылдың тамыз айынан бастап облыс прокуратурасымен мал ұрлығына қарсы, меншік  құқығын қорғау және бөтеннің мүлкін ұрлаумен күрес жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда.

Біздің мақсатымыз: азаматтардың өз мүліктерін қорғай білуі, ал мемлекеттің бұл жөнінде оларға көмек көрсетуі.

Қылмыстық жағдайды талдағанда ағымдағы жылдың он айындағы жұмыс қорытындысы: облыс бойынша қоғамдық орындарда жасалған ұрлық көрсеткіші жоғары (2020), пәтер ұрлығы(1020) және қоғамдық көліктегі ұрлық (282).

Ауылдық жерлерде мал ұрлығы кең тараған.

Жыл басынан бері облыс бойынша 485 мал ұрлығы дерегі тіркелді, 339 (70%) жағдайда мал далалық жайылымда ұрланған, тек 30%-ы  қорадан, шаруашылық құрылысы мен ауладан ұрланған.Мал ұрлығы Зеленов ауданында  31%- дан(51- 67% дейін), Қаратөбе ауданында 8%- дан(24- 26 % дейін) және Сырым ауданында 29%- дан(59- 76% дейін) көбейді.

Мал ұрлығы жөніндегі қылмыстық істерді зерделегенде, негізінен ұрланған малдар ұзақ уақыт (10 күннен астам, кейбір жағдайларда екі айға дейін) меншік иесінің қарауынсыз қалған және тиісті деңгейде күзетпен қамтамасыз етпеу салдарынан екендігі анықталды. Нәтижесінде 78%(485тің- 377-і ) мал ұрлығы  мал жайылымынан ұрланған.

Мал жайылымында, автожол трассасы бойындағы шабындықта және ауыл округтерінде бақылау ұйымдастырылмаған, соның нәтижесінде аталған қылмыс жасауға қолайлы.

Мал ұрлығына жол бермеу мақсатында мал иелеріне қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз:

  • әр бір малға жеке сипаттама (түрі, тұқымы, түсі, жынысы ,жасы, малдың денесіндегі ерекше белгісі, құлағындағы тілігі, жарақатының белгісі ізі, тыртық) ;
  • қора және сарайлардың қақпасында құлыптың болуы;

аумақта жарықтың болуы;

  • келісімшарт негізінде, материалдық жауапкершілікті жүктей отырып, тұрғылықты тіркеуі және тұрғындар арасында беделі бар адамға мал бақтыру. Мал жоғалған жағдайда кешіктірмей, уақытында ауылдық округте қызмет ететін учаскелік полиция уәкіліне болмаған жағдайда ішкі істер бөлімінің кезекшілік бөліміне хабарлау қажет.
  • Ұрлық болған жағдайда заттай айғақтарды және өзге де дәлелдерді жедел-тергеу тобы келгенше сақтау шараларын алу. Ұрланған малдың ерекше белгілерін көрсете отырып нақты суреттеп беру.

Бастысы құқық қорғау мекемелеріне  уақыт оздырмай, дер кезінде хабарлау.

Кейде кейбір мал иелері ұрланған малдың нақты жайылған жерін, қылмыстың болған уақыты мен жерін көрсете алмайды.

Оқиғаны ізін суытпай тұрып ашуға мал иелерінің жай хабарласуы да әсер етеді. Кейбір мал иелері мал бағуға ақша төлеуді қаламай, мал бағымына қоспайды, малды өз еркімен жібереді, қараусыз қалдырады немесе жылқы, бұзау т.б.с.с арқандап жаяды. Малды ұрлап кету санаулы сағат ішінде жүзеге асырылады, кейіннен айғақ, дәлел табу қиын. Сондықтан малды бақташы бағатын жайылымға қосып, өрістен уақытында қарсы алған жөн.

Шаруа қожалықтарының басшылары мал қораларында тәуліктің түнгі уақытында күзетті күшейтуге зор мән беріп, күзетшілерді оқыту керек. Мал қораны жарықпен және байлайтын құралдармен қамтамасыз ету керек.

Мал иелерінің мал басын сақтаудағы бейқамсыздығы  полициялардың  іздеу және тергеу шараларын жүзеге асыруына әкеп соғады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар