30.12.2016, 16:02
Қараулар: 281
Балаларға арналған шыршатой

Балаларға арналған шыршатой

06-30-12-16Аудан орталығындағы денешынықтыру – сауықтыру кешенінде Сырым ауданы әкімінің балаларға арналған «ЭКСПОның жаңажылдық алауы» тақырыбындағы шыршатойы өтті.

Аты айтып тұрғандай  биылғы жаңажылдық шара үстіміздегі жылы Астана қаласында өтетін  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрметіне арналып отыр.

Шыршатойға келген балалар әуелі бейнеэкраннан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын тыңдады. Шараның салтанатты құттықтау сөзін аудан әкімі Абат Шыныбеков сөйледі.

Мерекелік бағдарламаны «Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы» мекемесіндегі үйірмелердің мүшелері мен жетекшілері сәтті алып шықты.

Аудан әкімінің шыршасы шарасына аудан бойынша барлығы 100 оқушы қатысты. Бұл 100 баланың ішіндегі 40 бала даму мүмкіндігі шектеулілер қатарынан. Ал негізінен бұл шараға әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен оқуда озат, өнерде дарынды шәкірттер шақыртылды.  Олардың барлығы сыйлыққа қысқы күрте мен тәттілер дорбасын алды. Түс мезгілінде «Тамаша» мейрамханасында арнайы ұйымдастырылған салтанатты түскі асқа қатысты.

Облыс орталығында өткен Президент шыршасына да ауданнан 8 бірдей бала барып келді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Суретті түсірген:

Ақеділ НҰРМАШЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар