19.01.2017, 12:41
Қараулар: 61
Қылмыс деңгейі төмендеуде

Қылмыс деңгейі төмендеуде

Сырым ауданы прокуратурасының қызметі 2016 жылы аудан аумағында заңдылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресуде құқық қорғау органдарының іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталды.

2016 жылы аудан бойынша қылмыстылық деңгейі 19,7% немесе 244 тен 196 дейін төмендеумен сипатталды, соның ішінде ауыр қылмыстар 40%, орта дәрежедегі қылмыстар 22,9%, онша ауыр емес қылмыстар 40%.

Үстіміздегі жылы қылмыстық құқық бұзушылықпен келтерілген залал сомасы 42 267 493 теңгені, соның ішінде жеке тұлғаларға 39 849 893 теңге, заңды тұлғаларға 1 119 873 теңге және мемлекетке 1 297 727  теңгені құрап отыр.

Осы келтерілген залалдың нақты 5 786 600 теңге өндірілді, соның ішінде 3 757 000 теңге жеке тұлғаларға, 731 873 теңге заңды тұлғаларға және 1 297 727 теңге мемлекетке.

Қылмыстық құқық бұзушылық құрылымында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары 66,3 % құрап отыр.

Сондықтан, 2-ші жартыжылдықта Бас прокуратураның «Ұрлыққа тосқауыл» және облыс прокуратурасының «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасы» жобаларын сапалы іске асырылуына басты назар бөлінді.

Қылмысты алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқық қорғау, жергілікті атқарушы және мүдделі органдардың қызметін үйлестіру және ведомствоаралық қатынасты жақсартуға нақты шаралар алынуда.

Аудан аумағында заңдылықты нығайту және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында 2016 жылы ведомствоаралық кеңестер өткізіліп, аудан бойынша заңдылықты қамтамасыз етудегі және құқық бұзушылық профилактикасындағы өзекті мәселелер қаралды, соның ішінде мал ұрлықтарының өсу себептері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының профилактикалық жұмыстарының тиімділігі, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау қылмыстарын алдын алу бағытында құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімділігі, алаяқтық қылмыстарын алдын алу бағытында құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімділігі, жұмыс берушілермен жұмыспен қамту орталығын бос жұмыс орындары туралы мәлімет беру жөніндегі жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелері, уәкілетті органдармен әкімшілік айыппұлдарды өндіру барысында заңдылықтын сақталу жағдайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен «Мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасын» іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының және меншік құқығын қорғау және мүлік ұрлығымен күрес жөніндегі іс-шаралардың ведомствоаралық жоспардың орындалу барысы және т.б. өзекті мәселелер.

Ведомствоаралық кеңес нәтижелері бойынша құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға бірлескен іс-қимылдың барабарлағын және тиімділігін арттыруға бағыттағалған ұсыныбалар берілді.

Алынған шаралар нәтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары 20,7 пайызға, соның ішінде мал ұрлығы 9,5 пайызға төмендеді.

Аудан прокуратурасымен алдағы уақытта да аудан аумағында заңдылықты нығайтуға, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытылған іс шаралар іске асырылатын болады.

М.Изимов,

Сырым ауданының прокуроры

әділет кеңесшісі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар