26.01.2017, 12:09
Қараулар: 171
«Берекенің» берері мол

«Берекенің» берері мол

???????????????????????????????Ауылдық жерде жұмыссыздықты азайту, ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында «Береке» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.

Осы бағдарлама аясында Сырым ауданы бойынша қолға алынған басты жұмыстар, оның қазіргі таңдағы тынысы жөнінде Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қонысбай Молдағалиевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

—        Қонысбай Закарияұлы, «Береке» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты, мақсат-мүддесі туралы кеңірек тоқтала кетсеңіз.

Ауыл шаруашылығы өнімін алу үшін «Береке» несиелеу бағдарламасы қабылданып отыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы малдарын және құстарды бордақылай отырып ет өнімін алу және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамту.

Берілетін несие көлемі 4,0 млн. дейін

Жылдық сыйақы үстемесі 6 пайыз

Жеңілдетілген мерзім 6 ай

Несиелеу мерзімі 48 ай.

Ал, «Береке» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеке тұрғындардан, басқалай да тұлғалардан қой, ірі қара, жылқы малдарын сатып алып, семіртіп, етке тапсыру жағы жүзеге асырылады. Сондай-ақ етке тапсырылған әрбір ірі қараға мемлекет тарапынан 20 мың теңгеден демеуқаржы (субсидия) төленетін болады.

—        Қонысбай Закарияұлы, сөзіңізді осы аралықта сәл бөле кетелік.

Жаңа мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат  жөнінде айттыңыз. Енді осы демеуқаржыны алудың тәртібі қандай, осы бағытта істерін қолға алған кәсіп иелері де бар ма?

—        Әрине, бар. Мысалы, осы тұрғыда айта кететін болсақ негізгі ережедегі басты талаптарға сәйкесті мемлекет арқылы берілетін демеуқаржыны (субсидия) алу үшін 20 жеке кәсіпкерден кем болмайтын бір үлкен кооперативтің құрылуы керек.

Міне, осылайша жеке кәсіпкерлердің бастарын біріктіру арқылы демеуқаржы алуға қол жеткізілетін болады.

Ал, осы тұрғыда тоқтала кететін болсақ күні бүгінге дейін 40 жеке кәсіпкерлердің басын біріктіріп отырған аудандағы  «Береке – Болашақ» коопперативі туралы тұшымды әңгіме айта аламыз.

Өз алдарына кооператив құрып, еңсесін тіктеп отырған бұл ұжым мүшелерінің 33-і негізгі құжаттарын облыстағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» тапсырса олардың ішінен 11 жеке кәсіпкерлерге қор арқылы 18 млн. 900 мың теңге көлеміндегі несиелік қаражат берілді.

Жақында қалған 7 кәсіпкерлердің де  құжаттары толықтырылып, аталмыш қорға тапсырылатын болады.

—        Енді  «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы несиелік қаржы алған кәсіпкерлердің ертеңгі күндері қалай болмақ? Бұл бағытта да басты ережелік талаптар қойыла ма?

—        Әрине, дұрыс айтасың. Мемлекетен несиелік қаражат алып, жұмысына кіріскен кәсіпкерлер үнемі бақылауда болады. Яғни, нақтысын айтар болсақ мемлекеттен несие алған азаматтар несиелік қаржыны алған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде алған қаржыларына малдар сатып алулары тиіс.

Алынған малдар міндетті түрде семіртуге қойылады.

Сонымен қатар  әрбір бордақыға қойылған малда бірдейлендіру нөмірлері салынып, малдың бордақыға қойылған  күні жергілікті мал мамандары  арқылы компьютерлік базаға салдырылуы қажет.

Сондай-ақ мемлекет арқылы алынған несиеге 2 ай бойы мал сатып алынбаған жағдайда, немесе тиісті компьютерлік базаға енгізілмеген күнде сот арқылы  несиелік қаражат көлемі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» 25 пайыздық үстемемен  қайтарылатын болады.

—        Қонысбай Закарияұлы, енді сөз соңында «Береке» мемлекеттік бағдарламасына ниет етушілерге сатып алынатын малдардың өзіндік бағалары мен алғы жұмыс жоспарлары жөнінде не айтасыз?

—        Иә, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде сатып алыну қаржысы төмендегіше болып белгіленген. Яғни, ірі қара 150 мың теңгеден, жылқы  250 мың теңгеден, қой 20 мың теңгеден аспауы тиіс.

Ал сатып алынатын ірі қараның жасы 12 айлықтан 24 айлыққа дейін, жылқы 18 айлықтан 60 айлыққа дейін , қой 6 айлықтан 18 айлыққа дейін болғаны жөн.

Аудан тұрғындарына айта кетерім «Береке» мемлекеттік бағдарламасы жыл бойына жалғаса береді.

Сондықтан да жеке кәсіппен шұғылданып, мал семіртумен айналысуға ниеттенушілер болса мүмкіндігінше тиісті құжаттарын  жинақтауға ертелі кірісіп, кепілдікке  қоятын мүліктерінің құнын бағалатулары тиіс.

Аудан бойынша осы аталған жұмыс бағыттарын тездетіп, ұйымдастыру үшін тұрғындардың Сырым  ауданы бойынша кәсіпкерлік палатасына  (басшысы А.Балғалиев тел. 21-3-47) және Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне (тел. 31-1-51, 31-2-97) қоңырау шалып, көкейлерін мазалап жүрген сауалдарына тұшымды түрде жауаптар алуларына әбден болады.

—        Әсерлі әңгімеңіз үшін рахмет!

 

Сұхбаттасқан:

Мүсірбек Айташев

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар