26.01.2017, 12:11
Қараулар: 118
 » 
Арнайы барып кездесті

Арнайы барып кездесті

09.26.01.17Аудан әкімі Абат Шыныбеков Сарой ауылдық округіне қарасты Көздіғара елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихаттың депутаты Досжан Тайшиев қатысты.

Көздіғара ауылында округ әкімі Сағидоқас Бақтығалиевтің есептік кездесуі өткен аптада болып кетті. Кездесуде көтерілген мәселелер бойынша аудан басшысы осы жолы арнайы келіп кездесіп отыр.

Тұрғындардың көтерген негізгі мәселесі — газ бен жол.

Ауыл тұрғыны Данагүл Рахымованың айтуынша, мердігерлер елді — мекендегі тұрғын үйлерді көгілдір отынға қосудың ішкі жұмыстары кезінде көп салғырттықтарға барған. Сол салғырттықтың зардабын енді тұрғындар көріп отыр. Мәселені тыңдаған “ҚазТрансГазАймақ” АҚ Сырым аудандық филиалының басшысы Нұржан Жолдасбеков себептің шетін мердігерлердің құжат жұмыстарын ұзақ уақытқа созып жіберуіне қарай бұрды. Мәселе бар. Бірақ қараусыз қалмайды, тиісті қам жасалынады. Себебі, бастысы – қауіпсіздік, яғни адам тағдыры. Аудан әкімі Абат Шыныбеков тиісті басшыларға мәселені аса мұқият қарауды тапсырды.

Көздіғаралықтар бұдан басқа да сауалдарына жауап алды. Оның ішінде ауыл тұрғыны Манас Алдамжаров көтерген ауылішілік жолдарды күтіп ұстау туралы мәселе қанағаттандырылатын болды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы