26.01.2017, 12:14
Қараулар: 148
Қожалықтың еңбек тынысы

Қожалықтың еңбек тынысы

10.26.01.17«Хамза» шаруа қожалығының қыстағы аудан орталығының іргесіндегі Бірінші май елді – мекенінде орналасқан.  2015 жылы құрылған шаруашылық ірі қара мал басын өсірумен айналысады.

Шаруашылықтың жетекшісі Медет Кәкімовтың айтуы бойынша, «Хамза» қожалығы мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының қатысушысы көрінеді. Шаруашылық бағдарлама арқылы 30 млн теңге несие алыпты. Несиенің қаржысына 144 бас аналық мал басын және Тасқала ауданындағы «Ақас» шаруа қожалығынан 6 бірдей асыл тұқымды бұқа сатып алған «Хамза» шаруа қожалығы күні бүгін мал басын бордақылауды қолға алып та үлгерді. Қазіргі күні шаруашылықтың қоражайында өткен жылдың басында алынған 44 төл бордақылауда тұр.

—        Әзірге біздер бордақылаудың тәжірибелік кезеңіндеміз. Бордақылау арқылы шаруашылық көп жерден ұтады. Мәселен, малдың құны артады. Ауыл тұрғындарының ішінде баққан малы үшін лайықты құн ала алмай жүргендер көп. Себеп сол, түліктің күйі еңбекті ақтамайды. Бордақылау осы мәселені шешеді.

Біздің шаруашылықтағы бір жылдық бұзаулардың орташа салмағы 160 – 170 келіні құрайды. Шаруашылықтағы малдың басы асылданып келеді. Нәтиже әлі жақсара түседі деп ойлаймын. – дейді бізге жетекші Медет Кәкімов.

Қожалық мал бордақылаумен кәсіби түрде айналысуға бейіл. Биыл бұл шаруашылық ені 25 метрді, ұзындығы 100 метрді құрайтын жаңа мал бордақылау алаңының құрылысына кіріскелі отыр. Құрылыс осы жылы аяқталады деп күтілуде.

«Хамза» шаруа қожалығы 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қожалықтың техникалық әлеуеті жаман емес. Аулада 3 трактор,  1 ауыр жүк көлігі тұр. Агрегаттар толық. Мүмкіндік болғасын, жазғы далалық жұмыстар да барынша қарқынды жүргізіліп келеді. Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков «Хамза» шаруа қожалығының тынысымен аяқтай келіп, танысты.

Бауыржан Ширмединұлы

Ауылшаруашылық

Басқа да мақалалар