26.01.2017, 12:26
Қараулар: 71
 » 
Аралтөбеге «Ақбұлақ» келеді

Аралтөбеге «Ақбұлақ» келеді

???????????????????????????????Жергілікті әкімдердің есеп беру кездесуі Аралтөбе ауылдық округінде де өтті. Кездесуге келген аралтөбеліктер алдымен округ әкімі Жанболат Мұхамбетжановты тыңдады. Кейін аудан әкімі Абат Шыныбеков өзінің есептік баяндамасын жасады.

Аралтөбе ауылдық округінің тұрғындары есептік кездесуде жергілікті дәрігерлік амбулаториядағы физиологиялық кабинеттің неліктен жұмыс жасамай тұрғандығы жайлы сауал қойды. Аудандық орталық аурухананың директорының орынбасары Роза Тахамбетованың айтқанына сенсек, физиологиялық кабинеттің жұмысы маманның жоқтығына байланысты тоқтап тұрған көрінеді.

Округ бойынша тұрғын үйлерге газ өткізу қызметінің бағасы қымбаттаған. Тұрғындарға тиімсіз болып отырған бір мәселе – осы.

— Мердігердің талабы сондай болғасын, бұл жерде жергілікті басшылық ештеңе істей алмайды. — дейді аудандық  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев бұл туралы.

Кездесулерде кейде уақытша тіркеу мәселесі жайлы да сұрақтар болады. Осы жөніндегі сауалдарға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы Ернар Жұмағалиев жауап берді.

Жалпы алғанда, есептік кездесуге келген халық әкімдердің жұмыстарын оңынан бағалады. Оңынан бағаласа бағалағандай, Аралтөбе ауылдық округінде жол қатынасынан басқа маңызды мәселе кездеспейді. Биыл округ орталығындағы әрбір тұрғын үй мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза суға қосылады.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ