9.02.2017, 10:08
Қараулар: 29
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ

ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ

Сырым ауданының төтенше жағдайлар және № 12 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерімен ауданның білім беру объектілерінде 9-11 сынып оқушыларымен ер балалар арасында  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде. Жылма-жыл жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы мамандықты таңдап, бүгінгі күнде сол институтта “Өрт қауіпсіздігі”, “Төтенше жағдайларда қорғау”, “Азаматтық қорғаныстың командалы тактикалық күштері”    мамандықтары бойынша жерлес Әнес Сағдат Қайратұлы 3 курста білім алуда.

Үгіт-насихат жұмысын жұргізу барысында ниет білдірген үміткерлерге         оқу мерзімі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет еткені болып саналатындығы, оқу бітіргенде “азаматтық қорғау лейтенанты” әдейі атағы беріліп жұмыс орнымен қамтылатындығы және институтқа күндізгі оқу түріне қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылатыны түсіндірілуде, нақтырақ айтқанда:

Бірінші кезең — мемлекеттік қабылдау комиссиясы ҰБТ немесе АКТ сертификаты балдарымен (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және физика, бейінді пән — математика) сәйкестікке іріктеу арқылы оқуға кадидаттар контингентін қалыптастыру.

Екінші кезең — медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу өткізу.

Үшінші кезең – дене шынықтыру бойынша іріктеу өткізу (белтемірде тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге кросс);

Төртінші кезең – мандаттық комиссия курсантар санына қабылдайды.

Әскери қызметте болғандар 23 жасқа дейін.

Бүгінгі күнге 2 үміткер оқуға түсуге ниет білдіруде.

Қатаң әскери-қызметтік тәртіп, жақсы саптық бой түзету, жоғары әлеуметтік-құқықтық мәдениет, белсенді азаматтық ұстаным – Көкшетау техникалық институты офицерлерінің, курсанттарының және тыңдаушыларының ең бірінші кезектегі айырмашылығы.

Құтқарушы мамандығын таңдаған үміткерлер оқуға түсіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерінің қатарын толықтырып, өз қызмет міндеттерін лайықты орындап, төтенше жағдайлардан адамдарды және ұлттық байлықты құтқару ісінде өздерінің жоғары кәсіпкерліктерін көрсететіндеріне сенім білдіремін.

  Ғ.ЖАСТАЛАП,

Сырым ауданының төтенше жағдайлар

бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау майоры