9.02.2017, 10:14
Қараулар: 88
Алаш мұражайы жаңғыртудан өтетін болды

Алаш мұражайы жаңғыртудан өтетін болды

01.09.02.172017 жылы Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт – азаттық Алаш қозғалысына 100 жыл толады. Қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруды мақсат еткен ұлттық интелегенцияның бір бөлігі  Алашорданың Батыс бөлімінде елеулі еңбектерді жасады. Күнінде Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшенің төрағасы Жаһанша Досмұхамедов пен әріптесі Халел Досмұхамедовтардың жұмыс кеңсесі болған  Жымпитыдағы атаман Таракановтың үйінде бүгін Алашорда мұражайы орналасқан. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов аудандағы жұмыс сапары кезінде осы мұражайда арнайы болды.

Мұражайдың жәдігерлерімен танысқан өңір басшысы Алтай Көлгінов мұражайдың мазмұнын арттыру жөнінде жергілікті тарихшылармен пікір алмасты. С. Датұлы атындағы тарихи өлкетану музейінің директоры Айнагүл Ойшыбаева Алаш қозғалысының 100 жылдығы қарсаңында мұражай ғимаратын жаңғыртудан өткізу жайлы ұсынысын айтты. Облыс әкімі бұл мәселені толық мақұлдады. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтың арнайы тапсырмасымен биыл Жымпитыдағы Алаш мұражайы жаңғыртудан өтетін болды.

Қазіргі С. Датұлы атындағы тарихи – өлкетану музейінің де өзінің мәселесі бар. Музей жаңа ғимаратқа зәру. Облыс әкімі өзінің жұмыс сапары уақытында бұл музейде де болды.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар