9.02.2017, 10:29
Қараулар: 7
 » 
Өңір басшысы ауыл әкімдерімен кездесті

Өңір басшысы ауыл әкімдерімен кездесті

02.09.02.17Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Сырым ауданындағы ауылдық округтердің әлеуметтік – экономикалық дамуы көрсеткіштерінің көрмесімен танысты. Кейін округ әкімдерімен арнайы кездесті. Кездесуде «Береке» бағдарламасының жүзеге асырылу жайы сұралды.

«Береке» несиелеу бағдарламасы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін қабылданған бағдарлама. Бағдарламаға қатысушы үшін ауыл шаруашылығы малдарын және құстарды бордақылай отырып ет өнімін алуға және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға мол мүмкіндік беріп отыр. Сырым ауданында бұл бағытта нақты жұмыстар атқарып жатыр.  Бағдарламаның мақсатымен құрылған «Береке – Болашақ!» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің мүшелігінде бүгінгі күні 42 кәсіпкер бар. Кооператив мүшелерінің 33-і негізгі құжаттарын облыстағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» тапсырды. 20 жеке кәсіпкерге 42, 3 млн теңге көлемінде несие берілді. 27 жеке қосалқы шаруашылық 800 бас ірі қара малды бордақылаумен айналысып жатыр.

Әрбір округтегі жұмысты жекелей тыңдаған облыс басшысы Алтай Көлгінов ауылдағы әріптестеріне ауылшаруашылығы төңірегіндегі жұмыстарды қарқынды жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

*      *      *

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы әуелі ауданның орталығы Жымпитыдағы «EVEREST» супермаркетінің жұмысымен танысты.

«EVEREST» супермаркеті – «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған кәсіпкерлік жоба. Жобаның жалпы құны 57 млн теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңдерінде нысанның иелері Мелс Сапаров пен Медет Кәкімов өздерінің жеке қаражаттарына сүйенді. Кейін мемлекеттік бағдарламаның игілігін тиімді пайдаға жаратты.

Халықаралық маңыздағы Самара – Шымкент күре жолының бойында орналасқан супермаркеттің сөресінде 5000 – ға жуық тауардың түрі бар. Кейбір тауарлар супермаркеттің өзінде өндіріледі. Нысан тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасайды.

Жеке кәсіпкер Мэлс Сапаровтың айтуынша, нысан 20 адам үшін тұрақты жұмыс орынын ұсынып отыр. Облыс басшысы кәсіпкердің еңбегіне табыс тіледі.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ